• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №299 

285 рет
көрсетілді

  2016 жылғы 29 наурыз, Астана қаласы Атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу және уәкілетті органға тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес бұйырамын: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1 - қосымшаға сәйкес атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2 - қосымшаға сәйкес уәкілетті органға тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігің техникалық реттеу және метрология комитетіне (Б.Б. Қанешев): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне кіргізу үшін тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталына орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2016 жылғы 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. ИСЕКЕШЕВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ______________________ Е. Досаев 1 сәуір 2016 жыл Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы №299 бұйрығына 1-қосымша Атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу тәртібін анықтайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) атаулы таңба – бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға салынатын және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды дайындаушыны куәландыратын арнайы белгі; 2) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар (бұдан әрі – зергерлік және басқа да бұйымдар) – бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда, асыл тастардан және табиғи немесе жасанды жолмен алынған басқа да материалдардан жасалған көздері бар не онсыз, әртүрлі көркемдік өңдеу түрлерін пайдалана отырып, асыл тастардан, бағалы металдардан және олардың қорытпаларынан жасалған, әртүрлі әшекейлер, тұрмыстық кәдеге жарататын заттар ретінде және (немесе) діни әрі декоративтік мақсаттарда қолданылатын бұйымдар; 3) зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектілері (бұдан әрі – субъект) – зергерлік және басқа да бұйымдарды дайындауды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар; 4) уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес сараптама жүргізуге аккредиттелген заңды тұлға. 2. Атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу тәртібі 3. Субъектілер олар өндірген зергерлік және басқа да бұйымдарға атаулы таңбаны міндетті тіркеу үшін уәкілетті ұйымға жүгінеді. 4. Атаулы таңбаны міндетті тіркеу үшін субъект уәкілетті ұйымға: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) заңды тұлғалар үшін құрылтай құжаттарының көшірмесін; 3) жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлға басшысының куәлігінің көшірмесін; 4) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесін; 5) мемлекеттік кірістер комитетінен қызмет түрін көрсетумен анықтама ұсынады. 5. Уәкілетті ұйым осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген ұсынылған құжаттар негізінде, ұсынылған өтініш туралы мәліметті осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, өтініштерді тіркеу журналына енгізеді. 6. Осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, субъектіге өтініш келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жазбаша дәлелді тіркеуден бас тарту жіберіледі. 7. Уәкілетті ұйым толық құжаттар пакетін ұсынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде субъектіге атаулы таңбаға шифр береді, бұл туралы субъектіге хабарлайды. Атаулы таңба шифрында осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес бұйымды дайындау жылы, субъектінің орналасу аумағының коды туралы шифрланған ақпарат бар. 8. Ұрылған шифрлардың сәйкестігін анықтау үшін субъект атаулы таңба белгісінің үлгісін ұсынады, бұл ретте атаулы таңба белгісінің үлгісі анық, формасы өзгертілмеген және берілетін шифрдың барлық белгілері бар болып ұсынылады. Егер атаулы таңба әртүрлі әдістермен (механикалық, электро ұшқындық, лазерлік) басылатын болса, өңделген пластинкаға атаулы таңба белгі атаулы таңбаны басудың әрбір әдісін қолданумен басылады. 9. Атаулы таңба белгісі үлгісін ұсынғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде субъектіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысанда куәлік беріледі. Атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу қағидаларына 1-қосымша Нысан _______________________________ уәкілетті ұйымға (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ЖСН / заңды тұлғаның атауы, БСН) Мекенжай_____________________________________ Өтініш ________________________________________________________ мекенжайында орналасқан субъектіге 20__ жылға атаулы таңбаны беруді және тіркеуді сұраймын. Мынадай құжаттар қоса беріледі: ____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Байланыс телефондары __________________ E-mail _______________________ Анық емес мәліметтер беру үшін жауаптылық туралы хабардармын. Ұсынылған мәліметтердің анықтылығын растаймын. _________________________________________________ ___________20__жыл (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы) Атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу қағидаларына 2-қосымша Нысан Өтініштерді тіркеу журналы р/с № Өтініштің келіп түскен күні Субъектінің атауы Өтініш жасаудың нәтижесі Тіркеуден бас тарту себептері Ескертпе Тіркеу күні Тіркеуден бас тарту күні 1 2 3 4 5 6 7 Атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу қағидаларына 3-қосымша Субъектінің орналасқан өңірлерінің коды 1. Астана – Д, Ж, Е 9. Батыс Қазақстан облысы – О 2. Алматы – А, Б, В 10. Қарағанды облысы – П 3. Ақмола облысы – С 11. Қызылорда облысы – Р 4. Ақтөбе облысы – И 12. Қостанай облысы – Т 5. Алматы облысы – Г 13. Маңғыстау облысы – У 6. Атырау облысы – К 14. Павлодар облысы – Ф 7. Шығыс Қазақстан облысы – Л, М 15. Солтүстік – Қазақстан облысы – Х 8. Жамбыл облысы – Н 16. Оңтүстік – Қазақстан облысы – Ю Атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу қағидаларына 4-қосымша Нысан ________________________________________________________________________ (уәкілетті ұйымның атауы) Куәлік №_________ _______________________________________________________________________ (субъектінің толық атауы) __________________________________________________________________берілді және орналасқан жері (қала, облыс) _______________________________________ атау таңбаны беру және тіркеу туралы қолдану мерзімі ______________________________________________ дейін беріледі. Басшы _________________________ (Т.А.Ә. болған жағдайда) М.о. Беру күні «______»______________200___ж. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы №299 бұйрығына 2-қосымша Уәкілетті органға тіркелген атаулы таңбалар туралы мәлімет беру қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы уәкілетті органға тіркелген атаулы таңбалар туралы мәлімет беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және уәкілетті органға тіркелген атаулы таңбалар туралы мәлімет беру тәртібін анықтайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) атаулы таңба – бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға салынатын және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды дайындаушыны куәландыратын арнайы белгі; 2) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар (бұдан әрі – зергерлік және басқа да бұйымдар) – бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда, асыл тастардан және табиғи немесе жасанды жолмен алынған басқа да материалдардан жасалған көздері бар не онсыз, әртүрлі көркемдік өңдеу түрлерін пайдалана отырып, асыл тастардан, бағалы металдардан және олардың қорытпаларынан жасалған, әртүрлі әшекейлер, тұрмыстық кәдеге жарататын заттар ретінде және (немесе) діни әрі декоративтік мақсаттарда қолданылатын бұйымдар; 3) зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектілері (бұдан әрі – субъект) – зергерлік және басқа да бұйымдарды дайындауды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар; 4) уәкілетті орган – бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 5) уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес сараптама жүргізуге аккредиттелген заңды тұлға. 2. Уәкілетті органға тіркелген атаулы таңбалар туралы мәлімет беру тәртібі 3. Уәкілетті ұйым осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес тоқсан сайын, тоқсанның соңғы айының 30 – на дейінгі мерзімде уәкілетті органға тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді, олардың белгілерімен субъектілерге мынадай ақпаратты көрсетумен: 1) субъект атауын; 2) жеке сәйкестендіру нөмірін немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірін; 3) заңды мекенжайын, нақты мекенжайын; 4) басшының тегі, аты, әкесінің атын (болған жағдайда); 5) атаулы таңбаның берілген шифрын; 6) ) атаулы таңба берілген күнін; 7) байланыс телефондарын көрсетумен ұсынады. 4. Тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтер қағаз тасушыларда электрондық нұсқаны (флеш-жад тасушы ретінде қолданылатын сақтаушы қондырғы көмегімен Microsoft Excel пішімінде) қосумен қазақ тілінде және (немесе) орыс тілінде екі көшірмеде әзірленеді: 1) бірінші көшірме уәкілетті ұйымда қалады; 2) екінші көшірме уәкілетті органға тапсырылады. 5. Мәліметтерді қабылдауға жауапты уәкілетті орган қызметкері тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), лауазымын және алу күнін көрсетумен мәліметті алуына қол қояды. Уәкілетті органға тіркелген атаулы таңбалар туралы мәлімет беру қағидаларына қосымша Субъект атауы _______________________________________________________ Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) _____________________________________ Облыс __________________ Қала ____________________________________ Аудан ______________________________ Мекенжай, телефон ______________ Кімге ұсынылады: ______________________________________________ (уәкілетті органның атауы) Тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтер р/с № Субъект атауы Заңды мекенжайы, нақты мекенжайы, байланыс телефоны ЖСН/БСН Басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Атаулы таңбаның берілген шифры Беру күні Ескертпе 1 2 3 4 5 6 7 8 _______________________________________________ _______________ (Уәкілетті ұйым басшысының немесе оны ауыстыратын (қолы, м.о.) тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) Мәліметті әзірлеу күні «___» ________ 20__жыл ________________________________________________ ___________ (уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты (қолы) (болған кезде), лауазымы) Мәліметті әзірлеу күні «___» ________ 20__жыл Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 27 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13632 болып енгізілді.